Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының жаңа терминалында алғашқы рейс орындалды (фото)

Опубликовано:

Алматыдағы жаңа терминал
Алматыдағы жаңа терминал. Фото: NUR.KZ

1 маусымда Алматы халықаралық әуежайында жаңа терминал ашылды. Бүгін мұнда келген алғашқы рейстің жолаушыларын қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы халықаралық әуежайында құрылысы бірнеше жылға созылған жаңа терминал ашылды.

Сағат 08.38-де (жоспарланған уақыт 8.25) Лондон-Алматы бағыты бойынша Air Astana ұшағы ұшып келді. Ал сағат 9.30-да Air Astana әуекомпаниясының Алматы-Доха бағыты бойынша бірінші рейсі ұшуға тиіс.

Жаңа терминал
Жаңа терминал. Фото: NUR.KZ

Алматы әуежайының баспасөз қызметі хабарына қарағанда, барлық халықаралық рейсті жаңа терминалға толық ауыстырғаннан кейін ескі ішкі рейстерге пайдаланылады.

Алғашқы рейсті күтіп алу рәсімі
Алғашқы рейсті күтіп алу рәсімі. Фото: NUR.KZ

Сондай-ақ қолданыстағы терминал халықаралық стандарттарға толық сәйкес келуі үшін жаңартылады.

"Эйр Астана" әуекомпаниясының Лондон-Алматы бағыты бойынша ұшқан әуе кемесі таңғы 8-50-де әуежайға келіп қонды (КС-664 рейсі). Әуе кемесінде  94 жолаушы болды. Ал сағат 09-50-де алғашқы болып Алматы – Доха бағыты бойынша "Эйр Астана" әуе компаниясының әуе кемесі ұшады (КС-653). Бортта 166 жолаушы бар. Әуежай атынан жаңа терминалдың алғашқы жолаушыларына естелік сыйлықтар табысталды", - деп хабарлады әуекомпаниясы.

Жаңа терминал
Жаңа терминал. Фото: NUR.KZ

Барлық халықаралық рейсті қолданыстағы терминалдан жаңасына біртіндеп ауыстыру жоспарланған.

Жаңа терминал
Жаңа терминал. Фото: NUR.KZ

Халықаралық рейстерді жаңа терминалға толық ауыстыру маусымның бірінші онкүндігінде жүзеге асырылады.

Жаңа терминал
Жаңа терминал. Фото: NUR.KZ

Еске салайық, кеше, 31 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа терминал таныстырылды. Оған тіркеу аймақтары, шекаралық және кеден бақылауы, жүк бөлімі көрсетілді.

Айта кетейік, Алматы қаласы әуежайының жаңа терминалының құрылысы 2021 жылдың мамырында басталды және толығымен инвестиция есебінен жүзеге асырылды. Терминалдың аумағы – 53 мың шаршы метр. Жаңа терминалда 7 телескопиялық трап, 50 тіркеу тірегі, 6,2 мың багажды өңдеуге арналған 4 лента қарастырылған.

Жаңа терминал жылына 14 млн жолаушыны өткізе алады. Алдағы уақытта әуежайдан 10 елге 15 халықаралық маршрут бойынша отандық және шетелдік компаниялар қатынайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2110539-almatynyng-zhanga-terminalynda-algashqy-reis-oryndaldy-foto/