jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Еліміздің әр өңірінен 81 бала "Ақорда" резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды

Ақорда алдындағы оқушылар
Ақорда алдындағы оқушылар. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай оқушыларға "Ақорда" резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Оған еліміздің барлық өңірінен 81 бала, соның ішінде су басқан аймақтардан келген оқушылар қатысты. Ақорданың кішкентай қонақтарының қатарында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар.

️Аталған шара аясында балалар "Ақорда" резиденциясының орталық салтанатты холы мен ресми қабылдаулар және түрлі жиындар өткізуге арналған залдарын тамашалады. Резиденция аумағындағы бақты аралап көрді. Сондай-ақ балалар Қазақстан президентінің жұмыс тәртібімен танысты, еліміздің бас ғимараты туралы қызықты деректерден хабардар болды.

Жасөспірімдерге Мемлекет басшысының атынан естелік сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар екі күндік саяхат кезінде оқушылар Президенттік орталық, Ұлттық музей, "Нұр-Әлем" павильоны сияқты Астананың көрікті жерлерін аралайды.

Еліміздің әр өңірінен 81 бала "Ақорда" резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.