jitsu gif branding logo appbranding logo app

Астана мен Алматыда және бірқатар өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жаңбыр. Көрнекі фото:
Жаңбыр. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Астана мен Алматыда және бірқатар өңірде қолайсыз ауа райына байланысты 2 маусымға ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Жексенбіде күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Алматы қаласында күннің екінші жартысында найзағай күтіледі, найзағай кезінде жел екпіні 13 м/с.

Астана қаласында 2 маусымда түнде және таңертең найзағай күтіледі.

Қонаев қаласында 2 маусымда күннің екінші жартысында найзағай күтіледі, найзағай кезінде жел екпіні 15 м/с.

2 маусымда түнде Қостанай облысының оңтүстігінде-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

2 маусымда күндіз Абай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатың жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Семей қ.: 02 маусымда күндіз найзағай күтіледі, жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15 м/с.

Ұлытау облысында солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Жезқазған қаласында 2 маусымда солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Көкшетау қаласында 2 маусымда түнде найзағай, тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Орал қаласында 2 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, отралығында, таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

2 маусымда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. Қарағанды қ.: 02 маусымда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады күндіз екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертен облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облысының солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының тау асуларында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыс орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

2 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде 15-20 м/с. Өскемен қаласында 2 маусымда күндіз найзағай күтіледі, жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15 м/с.

2 маусымда Қызылорда облысында жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда қаласында 2 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде күндіз найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 18 м/с.

2 маусымда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ.: 02 маусымда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында күндіз найзағай күтіледі. Желдің бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.