jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Үсік жүріп, күн күркірейді және нөсер жаңбыр жауады: Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Үсік жүру
Үсік жүру. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ертең, 3 маусымда, Қазақстанның бірқатар аймағында қолайсыз ауа райы күтіледі. Осыған байланысты синоптиктер ескерту жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

3 маусымда Ақмола облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында 1 градус үсік күтіледі.

Көкшетау қаласында 3 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с болады деп күтіледі.

Дүйсенбіде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

3-5 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 03 маусымда таңертең және күндіз, 04-05 маусымда тәулік бойы облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, 3-5 маусым күндері оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында да найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

3 маусымда Абай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады деп болжанады.

Ертең Маңғыстау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 03 мамырда жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Дүйсенбіде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

3 маусымда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде де найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі, слтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ал Қызылорда облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ертең Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел күтіледі, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

3 маусым түні Қарағанды облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с.

Ертең Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с, облыстың шығысында екпіні 23 м/с күтіледі. Петропавл қ.: 03 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с күтіледі.

3 маусымда күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың орталығында, солтүстік-шығысында, тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қауіпі, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Үсік жүріп, күн күркірейді және нөсер жаңбыр жауады: Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.