Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанға Қырғызстаннан бірнеше тонна бұзылған шие әкелмек болғандар анықталды

Опубликовано:

Шие
Шие. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жамбыл облысында фитосанитариялық бақылау инспекторлары бұзылған бірнеше тонна шиені Қазақстан арқылы Ресейге заңсыз тасымалданбақ болғандарды анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, өткен аптада инспекторлар елге карантиндік дрозофила зиянкестерінің дернәсілдерімен зақымданған шиені заңсыз әкелмек болғандардың екі дерегін анықтаған.

Жидектер Қазақстан арқылы Қырғызстаннан Ресей Федерациясына тасымалданбақ болған. Бұзылған өнімнің жалпы көлемі 39 тоннадан асқан.

Фитосанитариялық талаптарды бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 400-бабына сәйкес әкімшілік айыппұлдар салынды. Сондай-ақ залалданған карантинге жатқызылған өнім дереу экспорттаушы елге қайтарылды.

Ведомство таратқан ақпараты бойынша, дрозофила – кішкентай шыбындар (жеміс шыбындары), олардың бойы шамамен 2-4 миллиметр, ал салмағы екі миллиграмм, әдетте қоңыр-сұр түсті, қызыл көзді боп келеді. Жәндіктің дернәсілдері өсімдік тектес субстраттарда дамиды. Шыбындар шіріген көкөністер және жемістермен, ашыған ағаш шырынымен, саңырауқұлақтардың жеміс денелерімен және микрофлораға бай өзге де органикалық қалдықтармен қоректенеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2111091-qazaqstanga-qyrgyzstannan-birneshe-tonna-buzylgan-shie-akelinbek-boldy/