Алматыда Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша сот басталды
Жарияланған күні:
Алматыда бүгін, 3 маусымда Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша басты сот отырысы басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Алматыда Гүлмира Сатыбалдының соты өтіп жатыр. Жақында ол Астанадан Алматыға жеткізілген.
Сот залына БАҚ өкілдері кіргізілгенімен, айыпталушылар мен қорғаушыларды фото-видеоға түсіруге тыйым салынды.
Гүлмира Сатыбалдыға кәсіпкерді бопсалады және заңсыз бас бостандығынан айырды деген айып тағылды, сонымен бірге оның бұрынғы жүргізушісі Мәди Батыршаев та айыпталып отыр.
Бүгінгі сот отырысында жәбірленуші кәсіпкерден жауап алынып жатыр.
Еске салсақ, 2022 жылғы наурызда Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдының ұсталғаны белгілі болды. Жемқорлыққа қарсы агенттік Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.
Одан бөлек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Гүлмира Сатыбалдының Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бағытталған қаражатты жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады.
Сонымен қатар 2022 жылдың қыркүйегінде Антикор Гүлмира Сатыбалды мен оның сенімді тұлғаларына қатысты бірқатар кәсіпорынның қатысу үлестері мен активтерін заңсыз иелену, адамды ұрлау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлім етті.
Желтоқсанда Антикоррупциялық қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты кәсіпорындардың қатысу үлестерін заңсыз иемденудің екі дерегі, соның ішінде адам ұрлау фактісі бойынша тергеуді аяқтағанын айтты.
Сот тыңдауы Алматыда 15 мамырда басталды. Ол алқабилер сотынан бас тартқан болатын.
Сондай-ақ бұған дейін Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала тыңдау барысында прокурор сотталушы Гүлмира Сатыбалдыға қатысты айыптау актісін оқыды. Ол бірқатар ауыр қылмыс жасады деп айыпталғанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2111277-almatyda-gulmira-satybaldy-isi-boiynsha-sot-otip-zhatyr/