jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Жетісу футбол клубының директоры қамауға алынды: Антикор істің жай-жапсарын айтты

Қалмұхамет Дөңсебаев
Қалмұхамет Дөңсебаев. Фото: fk-jetisu.kz

Жетісу футбол клубының директоры бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікке ілінді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.

Жетісу облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Жетісу футбол клубы" КМҚК директорын әшкереледі.

"Ол 2022-2023 жылдары оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 85,4 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын сенімді тұлғалардың карточкалық шоттарына аудару арқылы жымқырған.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қылмыстық әрекеттің басқа эпизодтары тексерілуде. Тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Құзырлы орган мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, осыған дейін "Жетісу" футбол клубының жетекшісі ұсталып, 2 айға қамауға алынғанын хабарлаған едік.

Жетісу футбол клубының директоры қамауға алынды: Антикор істің жай-жапсарын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.