jitsu gif branding logo appbranding logo app

Астанада көшелердің бірі бірнеше күнге жабылады

Жол конусы
Жол конусы. Көрнекі фото: pixabay.com

Астанада Тәшенов көшесі уақытша жабылады. Бұл жол учаскесінде бірнеше күн жөндеу жұмыстары жүргізілмек, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының ақпараты бойынша, 4-7 маусым аралығында Ж.Ташенов көшесінен А.Бараев көшесіне дейінгі учаскеде Тәшенов тұйығы бойынша жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты бұл жол учаскесі толық жабылады.

"Астана тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептелістер туындамауы үшін өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жүргізілетін жол-құрылыс жұмыстарына түсіністікпен қарауға шақырамыз", - делінген хабарламада.

Астанада көшелердің бірі бірнеше күнге жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.