Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Утильалым мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобы құрылды

Опубликовано:

Көліктер
Көліктер. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі утильалым мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекітті. Бұл туралы министрлік ресми сайтында хабарлады.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90-5-бабының 2-тармағына сәйкес утильалым бойынша петицияны қарайтын жұмыс тобының құрамын бекітті.

Министрліктің ақпаратын сүйенсек, жұмыс тобының құрамына парламент депутаттары, өнеркәсіп және құрылыс, экология және табиғи ресурстар, қаржы, ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, мәдениет және ақпарат вице-министрлері, сыртқы істер министрінің орынбасары, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Сонымен қатар  топ құрамына петицияның бастамашысы, сондай-ақ бірқатар қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылық қоғамдастықтың және өнеркәсіп секторының өкілдері де қосылды.

Министрліктің баспасөз қызметі өкілдері жұмыс тобының қызметі туралы ведомствоның ресми сайты мен Telegram-дағы арнасында хабарлайтынын жеткізді.

Айта кетейік, E-Petition.kz сайтында утильалымды алып тастау туралы петиция жеткілікті қол санын жинады. Оған қатысты сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пікір білдірген еді. Ол 50 мыңнан астам адам қол қойған петицияны еліміздің заңдарына сәйкес, уәкілетті мемлекеттік орган ресми түрде қарайтынын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2112087-utilalym-maseleleri-boiynsha-petitsiiany-qarau-zhonindegi-zhumys-toby-quryldy/