Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайындағы жаңа терминалды салған басшы қызметінен кетті

Опубликовано:

Альп Эр Тунга Эрсой
Альп Эр Тунга Эрсой. Фотосурет: facebook.com/alaportofficial

Альп Эр Тунга Эрсой Алматы әуежайының басшысы қызметінен кетеді, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Жоспарланғандай, Альп Эр Тунга Эрсой жаңа халықаралық әуежай терминалының құрылысы аяқталғаннан кейін Алматы халықаралық әуежайының президенті қызметінен кетеді. Ол өзінің мансабын осы саладағы жаңа рөлде жалғастырады. Басшылықты ауыстыру туралы ресми хабарландыру 5 маусымда жасалады", - деп хабарлады Алматы әуежайынан.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әуежайының жаңа терминалы ағымдағы жылдың 1 маусымында есігін айқара ашты. Жақында оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев барды.

2020 жылы Алматы әуе айлағының барлық акциясын түріктің "TAV Airports Holding" компаниясы сатып алып, 415 миллион доллар төлеген болатын.

Ал Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалының құрылысы бірнеше жыл бұрын басталған. Өткен жылдың соңында Алматы әуежайының қазіргі экс-президенті Альп Ер Тунга Эрсой нысанның құрылыс барысын көрсетіп, жаңа терминалдың қалай жұмыс істейтінін айтып берді.

Өткен жылы Көлік министрлігі әуежай өз мүмкіндігінен тыс жүктемеде жұмыс істеп тұрғанын хабарлады. Дегенмен бұл жағдай 2024 жылдың жазында жаңа терминал іске қосылған кездеөзгереді деп күтілген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2112261-alp-er-tunga-ersoi-almaty-auezhaiynyng-basshysy-qyzmetinen-ketedi/