jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Елімізде 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындар сатып алуға тыйым салынуы мүмкін

Энергетикалық сусын
Энергетикалық сусын. Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындар сатып алуға тыйым салынуы мүмкін. Бүгін мәжіліс депутаттары тиісті түзетулерді қабылдады. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, енді энергетикалық сусындарды сатып алу үшін азаматтардың жасы 21-ден асқан болуы керек.

Энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға тыйым салынуы мүмкін. Соның ішінде сатушының қатысуынсыз – автоматтар, басқа электрондық немесе механикалық құрылғылар арқылы сату да қарастырылған.

Тиісті түзетулерді бүгін мәжіліс депутаттары қабылдады.

Сонымен қатар үкіметтің ұсынысымен енгізілген қосымша өзгерістерге сәйкес мемлекеттік еңбек инспекциясы жергілікті атқарушы органдардан еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға беріледі.

Елімізде 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындар сатып алуға тыйым салынуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.