Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жоғалып кеткен 13 жастағы баланы 500 адам іздеп жатыр (видео)

Опубликовано:

Жоғалған баланы іздеу жұмыстары
Жоғалған баланы іздеу жұмыстары. Видеодан кадр: instagram.com/polisia_aqtobe

Ақтөбеде бір күн бұрын 13 жастағы бала жоғалып кеткен. Баланы іздеу жұмыстарына 500 адам жұмылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 4 маусымда шамамен сағат 16:40-та Ақтөбеде кәмелетке толмаған баланың із-түзсіз жоғалу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған болатын.

Оның аясында жоғалған баланың орналасқан жерін анықтауға бағытталған кешенді іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

"Баланы іздеуге 500 ге жуық адам тартылды, оның ішінде полиция қызметкерлері, ТЖБ қызметкерлері, еріктілер, сондай-ақ қызметтік иттер және 40 техника, 3 квадроцикл, 2 қайық, 4 жылқы, ұшу аппараттары пайдаланылуда. Полицияға жүгінген сәттен бастап үйлердің шатырлары мен аулалары, кәріз люктері, шұңқырлар, дала, оның ішінде орман алқаптары тексерілуде", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, БАҚ-та кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны жайлы ақпарат таратылған.

"Бағдарлауды көрсете отырып, қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер мен сауда орталықтары тексеріліп жатыр", - деп жазды ведомство баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2112723-aqtobede-zhogalyp-ketken-13-zhastagy-balany-500-adam-izdep-zhatyr-video/