Бүгін еліміздің екі мегаполисінде жаңбыр жауады деп болжанды
Опубликовано:
Астана, Алматы мен Шымкенте 5 маусым күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 27 градусқа дейін көтеріліп, түнде 12 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,8 м/с болмақ.
Синоптиктердің болжамынша, Астанада да жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 27 градусқа дейін жетіп, түнде 17 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 7,5 м/с.
Шымкентте бүгін күн ашық болады деп болжанып отыр. Күндіз термометр бағаны 32 градусқа дейін жетіп, түнде 17 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,1 м/с деңгейінде болмақ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2112948-bugin-elimizding-eki-megapolisinde-zhangbyr-zhauady-dep-bolzhandy/