Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дем ала алмайсың": Астаналықтар біртүрлі иіске шағымданды

Опубликовано:

Астана
Астана. Көрнекі сурет: pixabay.com

Елорда тұрғындары ауаның ластанып кеткеніне және жағымсыз иістерге шағымданды. Көбі мұны көліктің көбейгенінен көріп отыр, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, сауалнамаға қатысқан астаналықтар ауаның лас болуынан дем алу қиындап кеткенін, таза ауамен тыныстау үшін қала сыртына шығу керек екенін айтқан.

"Мен қаланың сыртына жиі шығамын, ал қала кіргенде айырмашылық білінеді. Күндіз-түні түсініксіх иіс. Мұндай бұрын болмаған";

"Көлік көп, күн ысыған кезде шиналардың иісі тыныс алуды қиындатады";

"Қозғалыс аз болса, әрине, біздің қаланың ауасы жақсы болар еді", - деп шағымданды елордалықтар.

"Қазгидромет" өкілдері бұл құбылыстың бірнеше себебі бар екенін айтты.

"Қазір ағаштар гүлдеп жатыр, көлік бар және құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, яғни осының бәрі қалай болғанда да бұл бөлшектердің бәрін ауада жинайды. Климат өзгеріп жатыр – жаңбырлы күндер азайып барады, тиісінше шаң ешқайда кетпей, ауада қалқып тұрады", - деді "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова.

Ал экология министрлігі атмосфераға зиянды заттарды шығаратын кәсіпорындармен күресіп жатыр. Коршаған ортаны жақсарту үшін ведомство өнеркәсіптік нысандарға соңғы технологиямен жабдықталған қондырғыларды орнатуды міндеттемек.

"Республика бойынша шығарындылардың нақты көлемі өткен жылы 2,5 млн тоннадан асты. Өнеркәсіп салалары бөлінісінде: электр энергиясы – 37 пайыздан астам, тау-кен металлургия секторы – 30 пайыз, мұнай секторы – 20 пайыз, басқа салалар – 13 пайыз. Ең жақсы қолжетімді технологияға көшу 10 жыл ішінде ел бойынша эмиссияларды 50 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді", - деді Экология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитеті басшысының орынбасары Айдар Әбдуалиев.

Экологтар "бір ғана ластаушы факторға назар аудару дұрыс емес" деген пікірде. Жұмыс кешенді түрде жүргізілуі керек.

"Бізде техникалық тексеруден өтпеген машиналар, бұзылған, ескі көліктер көп. Қоғамдық көліктер де экологиялық емес. Сонымен қатар әрлеу жұмыстарында қоқыс пен құрылыс қалдықтары көптеп кездеседі, бұл атмосфералық ауаға да әсер етеді.

Ең алдымен, абаттандыру сапасын жақсартуды ұсынар едім, екіншісі – көлікті жалпы массадан алып тастау, ол көріп отырғанымыздай, ауаны қатты ластайды", - деп пікірін білдірді эколог Тимур Елеусізов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2112984-dem-ala-almaisyng-astanalyqtar-tusiniksiz-iisterge-shagymdandy/