jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Қазақстан "жасыл" туризм бағыттарының тізіміне кірді

Қтонқарағай ұлттық паркі
Қатонқарағай ұлттық паркі. Фото: br.katonkaragai.kz

Британдық Wanderlust журналы Қатон-Қарағай ауданын "жасыл" туризм бағыттардың тізіміне енгізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік ақпаратына сүйенсек, "ҰК Kazakh Tourism" АҚ ұсынысы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы Қатон-Қарағай ауданы британдық Wanderlust журналының Travel Green List атты "жасыл" туризм бағыттарының тізіміне енді.

Айта кету керек, бұл тізімге Жапониядағы мәдени-ағарту орталықтар және Сингапурдағы табиғи қорыққа айналған теміржол сияқты жобалар кірген.

"Бес жыл бұрын дархан даласы, таулары және ормандарымен кең танылған Қатон-Қарағай ауданының тұрғындары қиын жағдайға тап болды. Бұл жер құстардың 275-ке жуық түрі паналайтын елдегі ең үлкен ұлттық парк болғанына қарамастан, оның 48 ауылды мекені туристерді аз тартуына байланысты жұмыс орны көп болмады. Осылайша ғасыр басынан бері оның халқы екі есеге қысқарды, себебі көптеген тұрғын жұмыс іздеп қалаларға көшкен", - деп жазады басылым.

Оған қоса британдық журнал 2019 жылы Қатон-Қарағайды қоса алғанда, шалғайдағы үш ауданның өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында ашылған "Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қорына", оның қызметіне, атап айтқанда қонақ үй иелерін оқыту және қонақжайлылық мектебін ашу, соқпақтарды күтіп ұстау, жол нұсқаулар мен туристік ақпарат орталықты қаржыландыру сияқты бастамаларға жоғары баға берген.

Қазақстан "жасыл" туризм бағыттарының тізіміне кірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.