Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ультражұқа әрі жеңіл HONOR 200 Lite смартфоны Қазақстанда сатылымға түсті

Опубликовано:

HONOR 200 Lite
Көрнекі фото: HONOR

HONOR жаһандық технологиялық бренді 6 маусымда Қазақстанда ультражұқа әрі функционалды HONOR 200 Lite смартфонының сатыла бастағанын хабарлады. Жаңа модель көркем дизайн, жылтылдамайтын экран мен түйсік деңгейіндегі пайдаланушылық интерфейстің мінсіз үйлесімін ұсынады.

Суреттердің теңдессіз озық сапасы үшін аса жылтылдамайтын дисплей

HONOR 200 Lite смартфоны ультражұқа жиектері бар 6,7 дюймдік AMOLED дисплейінің арқасында пайдаланушыны лезде контент әлеміне кіргізіп жібереді. Гаджеттің экраны күннің сәулесі қатты түсіп тұрған кездің өзінде айқын әрі қанық сурет алуға кепілдік береді, сондай-ақ интерфейстің бірқалыпты жұмысын және пайдаланушының әрбір әрекетіне тез жауап қайтаруды қамтамасыз етеді.

HONOR 200 Lite смартфоны пайдаланушылардың көзіне салмақ түсірмейтіндей етіп жасалған: инновациялық технологияның арқасында құрылғы көзге келтірілетін жүктемені жарық төмен болған кезде де айтарлықтай азайтады. HONOR 200 Lite смартфоны TÜV Rheinland концернімен зиянды жылтылдаудың болмауы бойынша сертификатталған, бұл оны ұзақтап видео көруді не телефоннан кітап оқуды ұнататындар үшін мінсіз таңдауына айналдырады.

Ультражұқа дизайн және жоғары беріктік

HONOR 200 Lite смартфоны салмағы 166 г-дық2 және қалыңдығы бар болғаны 6,78 мм-лік жеңіл корпуста жасалған, бұл оны пайдалану кезінде барынша қолайлы қылады. Мұндай корпусқа қарамастан, жаңа смартфон жоғары беріктігімен ерекшеленеді және 1,65 метрге дейінгі биіктіктен кездейсоқ құлауға төтеп бере алады, бұл құлауға беріктік бойынша 5 жұлдызды SGS сертификатымен расталған.

Фотосурет түсірудің ғажайып мүмкіндіктері

HONOR 200 Lite смартфонының камералар жүйесі 108 Мп-дік негізгі камерадан, 5 Мп-дік кең форматты камерадан және макротүсірілімге арналған 2 Мп-дік камерадан тұрады. Негізгі камера тіпті төмен жарықтылық жағдайларында да анық әрі шынайы сурет түсірілімін қамтамасыз етеді, сондай-ақ әртүрлі қашықтықтардан портрет жасауға арнайы үш түрлі түсірілім режимін қолдап, боке әсерлерін қолданады.

Таңғалдырарлық камералар жүйесіне қосымша ретінде HONOR 200 Lite смартфоны 50 Мп-дік фронталды камерамен жарақталған, бұл камера кез келген жарықта керемет жұмыс жасайды. Озық түсірілім алгоритмі шоғырлануы дәл әрі нақтылануы жоғары портреттердің түсірілуін қамтамасыз етеді. Өзін-өзі суретке түсіру кезіндегі қармау бұрышының 1x-тен 0.8x-ке дейін3 автоматты түрде ауыстырылуы кадрга барлығы да сыятын, таңғажайып топтық суреттерді түсіруге мүмкіндік береді.

Құрылғының жоғары өнімділігі

HONOR 200 Lite смартфоны 8 Гб оперативті жады мен HONOR RAM Turbo технологиясының арқасында тұрып қалуларсыз, біруақытта жұмыс жасауға, ойын ойнауға және әлеуметтік желілерде сөйлесуге мүмкіндік береді. Ал көлемі 256 Гб сыйымды сақтау орны барлық маңызды фотографиялар мен видеоны бір смартфонда сақтауға көмектеседі. MediaTek Dimensity 6080 қуатты процессорының негізінде жұмыс жасайтын Honor 200 Lite смартфоны қолданбалардың жоғары өнімділігін, 5G жоғары жылдамдықты қосылыс пен дисплейдегі жарқын суретті қамтамасыз етеді.

Жақсартылған пайдаланушылық интерфейс және ұлғайтылған автономды жұмыс уақыты

HONOR 200 Lite смартфоны бір мәрте қуатталумен қарқынды жұмыс қоңыраулары режимінде 29 сағатқа дейін, видео қарау кезінде 14 сағат және ғаламтордағы серфинг кезінде 16 сағат4 істеп шыға алады. Осының барлығы жиі қуаттау қажеттілігінсіз ұзақ уақыт жұмыс жасауын қамтамасыз ететін қуатты аккумулятордың арқасында. Ал қуаттылығы 35 Вт-тық HONOR SuperCharge қуаттау құрылғысы санаулы минут ішінде қуаттандырып алуға мүмкіндік береді.

HONOR 200 Lite смартфоны түйсік деңгейіндегі түсінікті интерфейс пен сіздің ниеттеріңізге қарай икемденетін интеллектуалдық пайдаланышылық тәжірибені қамтамасыз етеді. Бұл жасанды интеллект интеграцияландырылған, аса жаңа MagicOS 8.0 операциондық жүйесінің есебінен қамтамасыз етіледі. Мысалы, Magic Portal функциясы автоматты түрде пайдаланушының ниеттерін алдын-ала болжап, контентті бір қимылмен ауыстыруға мүмкіндік береді, ал Parallel Space функциясы жұмыс пен жеке өмір үшін контактілері, файлдары мен қолданбалары бөлек, тәуелсіз виртуалды кеңістіктерді құруға мүмкіндік береді.

Түсі, бағасы және қолжетімділігі

HONOR 200 Lite смартфоны үш стильді түсте қолжетімді5: Жұлдызды көк, Мұхиттай көгілдір және Түн ортасындай қара. Смартфон Қазақстанда 159990 бағасы бойынша қолжетімді болады. Алғашқы сатып алушылар сыйлыққа HONOR Choice Earbuds X5 сымсыз құлақбауларын алады. Құрылғы туралы және сату орындары туралы толығырақ ақпарат HONOR ресми сайтында қолжетімді болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2113257-ultrazhuqa-ari-zhengil-honor-200-lite-smartfony-qazaqstanda-satylymga-tusti/