jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда имамдарға әлеуметтік желіде белсенді болуға тыйым салына ма: министрлік жауабы

Әлеуметтік желілер
Әлеуметтік желілер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сенат кулуарында мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Қанат Ысқақовқа Өзбекстан тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстанда имамдарға әлеуметтік желіде парақша жүргізуге тыйым салына ма деген сұрақ қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Әрине, көрші елдің бұл тәжірибесін білеміз, бірақ мен әлеуметтік желілер өз азаматтарымызбен байланысу құралы деп есептеймін. Сондықтан әлі де басқа нұсқаларды ойлап жатырмыз.

Әлеуметтік желілерде белсенді болуға тыйым салу дегенде келетін болсақ, біз бұл мәселені қарастырып жатқан жоқпыз", - деді вице-министр Қанат Ысқақов.

Айта кетейік, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы имамдар мен олардың орынбасарларына әлеуметтік желілердегі парақшаларда пікір білдіруге, жазбаларға лайк басуға тыйым салған болатын. Бұған "кейбір имамдардың әлеуметтік желідегі түсініксіз мәлімдемелері" себеп болғаны хабарланды.

Қазақстанда имамдарға әлеуметтік желіде белсенді болуға тыйым салына ма: министрлік жауабы

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.