jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Астанада Құрбан айтта құрбандық шалу орындары бекітілді

жаңа мешіт
Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Құрбан айт мерекесі қарсаңында елордалық базарларда құрбандық шалу орындарында санитарлық нормалардың сақталуын тексерілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл 17-19 маусым аралығында өтетін қасиетті Құрбан айт мерекесін атап өтуге байланысты Астана әкімдігі құрбандық шалу орындарын белгіледі:

  • "Шанхай" базары
  • "Баракат" базары (А-369 көшесі, 10)
  • "Жайлау" базары (С-754 көшесі, ғимарат 1)
  • "Шолпан-ата" базары ("Алаш" тас жолы, 27/2)
  • Темір жол ЖМ (Ақжар көшесі, 20).

Әкімдіктегілер ауыл шаруашылығы жануарларының иелері, сою орындарының сатушылары мен иелерінен Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 7-1/370 бұйрығымен бекітілген ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтауды сұрайды.

Мәселен ауыл шаруашылығы жануарларын сою ережеге сәйкес берілетін есепке алу нөмірлері бар сою пункттерінде, ет өңдеу кәсіпорындарында немесе сою алаңдарында жүргізілуге тиіс.

"Бүгін біз ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуын талқылау үшін сою нысандарының иелерімен кездесу өткіздік. 2 санаттағы рұқсат құжаттары жоқ жерлерде жануарларды союға тыйым салынады", - деп атап өтті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, бас маман Мелис Қайнулдаев.

Айта кетейік, биыл Құрбан айт мерекесі 17 маусым, дүйсенбіде басталады.

Астанада Құрбан айтта құрбандық шалу орындары бекітілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.