"Төрт күннен бері іздестіріліп жатыр": Ақтөбеде үйінен шығып кеткен 13 жастағы жасөспірімнен әлі хабар жоқ (видео)
Жарияланған күні:
Ақтөбеде кәмелетке толмаған Жетру Кәрімді іздеу жұмыстары төртінші күн жалғасып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомсвто өкілдерінің мәліметінше, полицейлер, еріктілер және бей-жай қарамайтын азаматтар жоғалған баланың жүрген жерін анықтауға бағытталған іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.
"Баланы іздеуге 500-ге жуық адам тартылды, оның ішінде полиция қызметкерлері, ТЖБ қызметкерлері, еріктілер, сондай-ақ қызметтік иттер және 40 техника, 3 квадроцикл, 2 қайық, 4 жылқы, ұшу аппараттары пайдаланылды", - делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары туыстары полицияға жүгінген сәттен бастап үйлердің шатырлары мен аулалары, кәріз люктері, шұңқырлар, орман алқаптары тексеріліп жатқанын мәлім етті.
"Сонымен қатар бағдарлауды көрсете отырып, қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер мен сауда орталықтары тексеріліп жатыр. Кәмелетке толмаған Жетру Кәрімнің жоғалғаны туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды", - дейді полицейлер.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе қаласында 4 маусымда үйінен шығып, хабар-ошарсыз кеткен 13 жастағы бала іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2113749-aqtobede-kamelettik-zhasqa-tolmagan-bala-tortinshi-kun-izdestirilip-zhatyr-video/