Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйелін балағаттап, сабап жатыр": желіде отбасылық жанжалдың видеосы тарады

Опубликовано:

оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/abdulla_kzkz

Әлеуметтік желіде Алматы облысы Шамалған ауылында болған отбасылық жанжал кезіндегі ерлі-зайыптының дауысы жазылған видео тарады. Бейнежазба авторы ерлі-зайыпты арасындағы ұрыс-керіс ақша үшін шыққанын жазған. Ал облыстық полиция департаментінің өкілдері бұл оқиға бойынша ешбір шағым түспегенін мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Instagram-дағы пабликтердің бірінде пайда болған видеодан ерлі-зайыпты арасындағы жанжал көрінбегенімен, дауысы анық естіледі. Жазба авторының сөзінше, жатақхана тұрғыны әйеліне зәбір көрсеткен.

"Видеода күйеуі әйеліне неге ақшаны мен айтқан кезде аудармадың, 6000 теңгені не істедің деп айқайлап жатыр. Әйелі: "Мен автобуста отырдым, өзімді жайсыз сезініп ауырдым", деп жауап береді. Әрі қарай әйелін балағаттап, сабап жатқаны естіледі", - деп жазылған видео сипаттамасында.

Ал Алматы облыстық полиция департаменті ресми өкілінің хабарлауынша, бұл оқиға бойынша полицияға арыз түспеген. Бірақ ақпаратты тексеру үшін оқиға орнына учаскелік полиция қызметкері жіберілген.

"Ерлі-зайыпты арасында отбасылық жанжал болғаны анықталды. Әйелі күйеуі ұрмағанын айтты. Шағымы жоқ, сондықтан арыз жазудан бас тартты", - дейді полиция департаментінің өкілі.

Алайда полиция қызметкері денсаулыққа жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша материалды сотқа шешім шығару үшін жөнелткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2113851-aielin-balagattap-sabap-zhatyr-zhelide-otbasylyq-zhanzhal-kuagerining-videosy-tarady/