Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келесі жылға қалады": Жетісу облысында аудандық аурухананы жөндеу жұмысы неге тоқтап қалды

Опубликовано:

Ақсу аудандық ауруханасы
Ақсу аудандық ауруханасы. Видеодан кадр: instagram.com/krisp.tdk

Жансүгіров ауылындағы Ақсу аудандық орталық ауруханасына күрделі жөндеу жұмысын аяқтау мерзімі келесі жылға қалды. Аудан тұрғындарына әлі бір жыл колледж жатақханасында емделуге тура келеді. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге мердігер компаниямен 1 млрд 700 мың теңгеге келісім жасалған, алайда бюджеттен қаражат толықтай бөлінбеуіне байланысты жұмыс тоқтап қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аурухана ғимаратының жөндеу жұмыстары жоспар бойынша биыл қыркүйекке дейін аяқталуға тиіс болған. Алайда жөндеу жүргізіп жатқан қосалқы мердігердің айтуынша, жақында ауданға жұмыс сапарымен келген облыс әкімі бюджеттен қаражат бөлінбегенін мәлім еткен.

Қосалқы мердігердің сөзін Instagram-да жергілікті пабликтердің бірі жариялады.

"Бастапқыда біраз жұмысын істедік, азын-аулақ ақша берді. Сонымен қаржыландыру тоқтады. Тапсырыс беруші - Жетісу облысының құрылыс басқармасы. Біздің фирмаға жөнді ақша берілген жоқ, мердігер компанияға берілді. Енді аударамыз деп отыр. Жоспар бойынша қыркүйекте бітіруіміз керек еді. Бұған дейін облыс әкімі келіп, "ондай ақшамыз жоқ, шамамен 300 млн теңге беріледі" деді. Бюджетте ақша жоқ екенін, келесі жылға қалатынын айтты", - дейді қосалқы мердігер.

Жетісу облысы құрылыс басқармасындағылар Ақсу ауданы орталық ауруханасына қатысты түсінік берді. Тапсырыс беруші басқармадағылар қосалқы мердігердің сөзін растап отыр. Олардың дерегінше, 2023 жылы құрылыс басқармасы Ақсу ауданының орталық ауруханасына сейсмикалық күшейту жұмыстарын жүргізу үшін "RAKADA GROUP" компаниясына тапсырыс берген.

"1 млрд 699 мың 843 теңгеге келісімшарт жасалған. 2023 жергілікті және республикалық бюджеттен 66 млн теңге бөлініп, игерілді. 2024 жылға жергілікті бюджет есебінен 169 млн 283 мың теңге бөлінген. Орындалған жұмыстар актісіне сәйкес 66 млн 238 мың теңге игерілді, оның ішінде аванс – 38 млн 722 мың теңге. Бүгінгі таңда республикалық бюджетке аталған нысанға қаражат бөлу үшін бюджеттік өтінім жолданған. Алайда қаражат бөлінген жоқ", - деді облыстық құрылыс басқармасындағылар.

Сонымен қатар құрылыс пен мердігер ұйым алдында төленбеген қарыз жоқ екендігін хабарлады. Құрылыс-монтаж жұмыстары Мемлекеттік сәулет-бақылау басқармасының хабарламасына сәйкес 2023 жылы 13 желтоқсанда басталған, ал аяқталуы 2024 жылғы қыркүйекке белгіленген. Енді бюджеттен қаражат толықтай бөлінбеуіне байланысты жөндеу жұмыстары келесі жылға қалып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2113353-kelesi-zhylga-qalady-zhetisu-oblysynda-audandyq-auruhanany-zhondeu-zhumysy-nege-toqtap-qaldy/