Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектеп бітіруші түлектер тапаншадан оқ атқан: ІІМ бұл жайтқа түсінік берді

Жарияланған күні:

Тапанша ұстап тұрған ер адам
Тапанша ұстап тұрған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Желіде мектеп бітіруші түлектердің атыс қаруын қолданып, аспанға оқ атқанын көрсететін видео жарияланды. KAZ.NUR.KZ тілшісі осы жайтқа байланысты Ішкі істер министрлігі өкілдеріне жүгініп, мән-жайды анықтады.

Видео Telegram-дағы Egovpress арнасында жарияланды. Видеодан түнде бірнеше көлікті тізгіндеген бозбалалар атыс қаруынан аспанға оқ атып жатқанын көруге болады.

"Қазіргі тәртіпсіз түлектер мектеп бітіруін атыс құралын қолданып, өздерінше тойлайды. ҚР ІІМ қызметкерлері жұмысына сәттілік тілейміз. Мектептен автоматты түрде тікелей зынданға кететін болды",- делінген видео астындағы жазбада.

Ішкі істер министрлігінің өкілі тілшімізге бұл жағдай Алматы қаласында болғанын, кінәлілер анықталғанын хабарлады.

"Алматы қаласының полиция департаменті бұл факт бойынша тексеру жүргізілгенін және құқықбұзушыларға қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылданғанын хабарлайды.

Кінәлілер анықталып, жауапқа тартылды.

Сонымен қатар құқықбұзушылар сигналдық тапаншаны қолданып жасалғаны анықталды, тапанша тәркіленді",- деп мәлімдеді ІІМ өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2113875-mektep-bitirushi-tulekter-tapanshadan-oq-atqan-iim-bul-zhaitqa-tusinik-berdi/