jitsu gif branding logo appbranding logo app

Бұршақ жауып, дауыл соқты: Астанада күн бұзылды (фото, видео)

Астанадағы нөсер жаңбыр
Астанадағы нөсер жаңбыр. Видеодан кадр: KAZ.NUR.KZ

Астанада бірнеше күн қатарынан найзағай соғып, нөсер жаңбыр құйып жатыр. Ал бүгін ауа райының қолайсыздығы тіпті күшейді. Қалада бірнеше сағат сайын бұршақ жауып, найзағай ойнап, дауыл соғып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астана әкімдігі өкілдерінің хабарлауынша, жауын-шашынның, соның ішінде нөсер жаңбырдың салдарынан бірқатар көшеде су жиналып қалған. Қазіргі уақытта қаладағы суды сорып шығару жұмыстарына 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылған.

Жаңбырдан кейінгі су тасқыны елордалықтар үшін қалыпты жағдайға айналған. Дегенмен әкімдіктің мәліметінше, Астанада "2035 жылға дейін нөсерлі кәріз жүйесін дамыту" бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр.

Елорданың басты даңғылдарының бірі – Мәңгілік Ел көшесінің қазіргі көрінісі осындай. Мұнда арнайы техника суды сорып шығарды.

Астанадағы нөсер жаңбыр
Астанадағы нөсер жаңбыр. Видеодан кадр: KAZ.NUR.KZ

Басқа көшелердің жолы болмады, кейбіреулері тіпті су астында қалды – жұрт судан әрең өтіп жатыр.

Қаланың кей жерінде астаналықтар нөсер жаңбырды ғана емес, үлкен бұршақ жауғанына да куә болды.

Бұршақ жауып, дауыл соқты: Астанада күн бұзылды (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.