Қазақстанда уақытты өзгертуден бас тартуды талап еткен петицияға 50 мың адам қол қойды
Опубликовано:
Қазақстанда уақыттың бір сағатқа өзгеруін құптамайтын петицияға азаматтардан 50 мың дауыс жиналды, деп хабарлайды онлайн петициялар сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
22 сәуірде ePetition сайтында жасалған петицияда 2024 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енген уақытты өзгертуден бас тарту ұсынылады. Бүгін ол азаматтардың 50 мың дауысын жинады.
"Өтініш мемлекеттік органға қарауға жіберілді", - делінген сайтта.
Алушы – ҚР Сауда және интеграция министрлігі.
Петицияда кейбір қазақстандықтардың уақыт өзгергеннен кейін қолайсыздық сезінгені айтылған.
"Қазақстанда уақыттың бір сағатқа артқа өзгеруіне байланысты бірнеше проблема сезілді", - делінген петицияда.
Олардың ішінде электр энергиясының қымбаттауы, адам биоритмдері мен жұмыс, оқу және демалыс кестесінің сәйкес келмеуіне байланысты тұрғындардың физикалық және психологиялық ыңғайсыздығына әсер етуі де бар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2114097-qazaqstanda-uaqytty-ozgertuden-bas-tartudy-talap-etken-petitsiiaga-50-myng-adam-qol-qoidy/