jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

9 маусымда Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі жол уақытша жабылады

Медеу
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

9 маусымда Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі жол ішінара жабылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, 9 маусымда Алматыда "Медеу" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" КММ аумағында жыл сайынғы Alatau Run-2024 тау жарысы өтеді. Жаыста үш дисциплина қамтылған: үгіру, велосипедпен жарысу және скандинавиялық серуендеу.

"Осыған байланысты 9 маусымда сағат 07.30-дан 10.30-ға дейін Керей-Жәнібек хандар көшесі бойымен "Медеу" СК-нің іргелес бөлігіндегі тұрақтан "Шымбұлақ" МК-ге дейінгі қозғалыс ішінара жабылады", - делінген хабарлада.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, іс-шараны өткізу мен осы аймақта қозғалыстың жабылуы Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының тауға жаяу шығуы мен серуендеуіне әсер етпейді.

9 маусымда Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі жол уақытша жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.