Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлттық тағамдарды сағындым": АҚШ-та оқитын қазақ қызы шетелдегі өмірдің ерекшелігін айтты

Опубликовано:

Дана Әбілқасым
Дана Әбілқасым. Фото: Жеке мұрағат/ KAZ.NUR.KZ

Қазақстандық жас кардиолог Дана Әбілқасым ақпан айынан бері АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Бингемтон университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп жүр. Шетелде білім алып қана қоймай, өркениеті мен мәдениетін таныған ол бүгінде қазақ халқының бауырмашылдығын сағынғанын айтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дана Әбілқасым – Шымкент қаласының тумасы. Ол медицина саласына жастайынан қызыққан.

"Әсіресе, анатомияға, физиологияға және адам ағзасының принциптерін түсінуге деген құштарлық кардиологияны таңдауға итермеледі. Медициналық университетте оқу кәсіби өсу жолындағы алғашқы қадамға жол ашты", - дейді ару.

Дана Әбілқасым
Дана Әбілқасым. Фото: Жеке мұрағат/ KAZ.NUR.KZ

Бүгінде қазақ қызы АҚШ-та жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеу және жүрек трансплантациясынан кейінгі науқастарды реабилитациялау әдістерін зерттеу үстінде. Оның айтуынша, Америка Құрама Штаттарында медицина ең жоғары ақы төленетін сала қатарында.

"Біздің елмен салыстырғанда резидент-дәрігерлер тәжірибелі дәрігерлердің бақылауымен ауруханалар мен клиникаларда жоғары ақылы жұмыс істейді және таңдалған медицина саласында практикалық тәжірибе алады", - дейді ол.

Дана Әбілқасым
Дана Әбілқасым. Фото: Жеке мұрағат/ KAZ.NUR.KZ

Дана Әбілқасым шетелде өмір сүрудің ерекшеліктерін де атап өтті. Ол бүгінде Қазақстандағы бауырмашылдықты аңсап жүргенін жасырған жоқ.

"АҚШ-та жүріп қазақтардың бауырмашылдығы және қонақжайлылығын сағындым. Қонаққа лайықты құрмет көрсету, үйіндегі барын дастарқанға қойып күту – бізде ежелден қалыптасқан дәстүр. Өйткені бұл елде қонақ күту және қонаққа бару мәдениеті өзгеше. Ұлттық тағамдарымызды ерекше сағындым", - дейді Дана.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2114337-ulttyq-tagamdy-sagyndym-aqsh-ta-oqityn-qazaq-qyzy-sheteldegi-omirding-ereksheligin-aitty/