jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты тағы бір жол учаскесі уақытша жабылады

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты Сарыарқа - Кенесары қиылысы уақытша жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ведомство сайтындағы мәліметке сүйенсек, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сарыарқа даңғылын орташа жөндеу шеңберінде Сарыарқа даңғылы мен Кенесары көшесінің қиылысында жұмыстар жүргізеді.

"Осыған байланысты үстіміздегі жылдың 8 маусымы сағат 20:00-ден 9 маусым сағат 22:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады", - делінген хабарламада.

Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұрады.

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты тағы бір жол учаскесі уақытша жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.