jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Астанада ойын алаңынан бренд сөмке ұрлаған әйел ұсталды

Сөмке
Сөмке. Көрнекі фото: pixabay.com

Астанада ойын алаңынан бренд сөмке ұрлаған әйел ұсталды. Ол Қырғызстан азаматы болып шықты, деп жазады Massaget.kz.

Басылым мәліметіне сүйенсек, полицияға елорда тұрғыны хабарласып, ойын алаңынан белгісіз біреу 200 мың теңге тұратын бренд сөмкесін ұрлап әкеткенін айтып арызданған.

Көп ұзамай "Сарыарқа" ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 66 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматын анықтаған. Тергеу барысында әйелдің оң жақ жағалауда орналасқан саябақтағы ойын алаңына келгені белгілі болды.

Ол тұрғынның орындықтардың біріне сөмкесін қалдырып, ойын алаңына кеткенін байқаған. Осылайша қолайлы сәтті пайдаланып, Місhael Коrs брендінің сөмкесін алып кеткен.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай дәлелдеме тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта әйелдің елорда аумағында бұрын жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Астанада ойын алаңынан бренд сөмке ұрлаған әйел ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.