Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Онкологиялық ауруларды емдеуге бөлінетін қаржы неліктен қысқарып қалған: бас онколог жауап берді

Жарияланған күні:

Науқас пен дәрігер
Науқас пен дәрігер. Көрнекі фото: pexels.com

Бүгін мәжіліс кулуарында бас онколог Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақстанда онкологиямен ауыратын науқастарды емдеуге бөлінетін қаржыны қысқарту жөніндегі бұйрығы турасында пікірін білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас онкологы Диляра Қайдарова "бұл жағдайда бірде-бір онкологияға шалдыққан науқас зардап шекпейтінін" айтты.

Журналистер Қайдаровадан "Онкологияға шалдыққан қазақстандықтарды емдеуге жұмсалатын бюджет қаражаты әлі де қысқартыла ма?" деп сұрады. БАҚ өкілдері Қазақстанда онсыз да паллиативтік көмек жоқ екенін, сондай-ақ онкологияға шалдыққан науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде мәселелер көп екенін алға тратты.

"Қазіргі таңда бұл мәселені шешіп жатырмыз. "Оңалту" және "паллиативтік көмек" бағыты бар, әрине, скринингті күшейту керек.

Науқастардың зардап шегуіне жол бермейміз. Сондықтан қазір комиссия отырысын өткізейік, депутаттар дұрыс шешім қабылдайды деп ойлаймын", - деп жауап берді Қайдарова.

Еске салайық, 8 маусымда мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Денсаулық сақтау министрлігі ДСМ онкологиялық ауруларды емдеуге бөлінетін қаржыны қысқартып тастағанын мәлімдеген болатын.

"Бюджеттен онкологиялық ауруларды емдеуге бөлінетін қаржы денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен орта есеппен 20 пайызға қысқартылған. Бұйрық 2024 жылғы 11 маусымнан бастап күшіне енеді", - деп жазады Аймағамбетов.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мәжіліс депутаты Асхат Аймағамтетовтің жазбасынан кейін онкологиялық ауруларды емдеуге бөлінетін қаржы не себепті 20 пайызға қысқартылғанын түсіндірді.

"Іріктеп алып тексерілген алты ұйымда медициналық көмек көрсетудің бекітілген стандарттары мен қағидалары бұзылғаны, сондай-ақ 18 млрд теңгеден астам сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Сонымен қатар, 2023 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің онкология орталықтары алған пайданың жалпы сомасы 31,8 млрд теңгеден асты", - делінген ведомство түсіндірмесінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2114838-onkologiialyq-aurulardy-emdeuge-bolinetin-qarzhy-nelikten-qysqaryp-qalgan-bas-onkolog-zhauap-berdi/