jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Алматы тауларында өрт қаупі жоғарылады: ТЖД тұрғындарға үндеу жасады

Тау
Тау. Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі ескерту жариялады. Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері тұрғындарды тауға шыққан кезде өрт қауіпсіздігін сақтау керегін ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Алматы тауларында 10-11 маусым аралығында 35-36 градусқа дейін күн ысиды. Синоптиктер ескерту жариялаған.

Осыған байланысты Алматы ТЖД тауда от жағып, темекі тұқылдарын тастамауды сұраған.

Сондай-ақ өңірде өрт қаупі жоғары дәрежедегі 4-санаты жарияланған. Ведомство өкілдері қалалық су айдындарында балаларды қараусыз қалдырмау керегін айтты.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 367-бабының 3-бөлігінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандардағы өрт қауіпсіздігі және санитариялық қағидалар талаптарын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға – 100 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға-екі жүз елу АЕК мөлшерінде айыппұл кзделген", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар ведомство өкілдері өрт қауіпсіздігін бұзған адамға 369-200 мың теңге шамасында айыппұл салынатынын ескертті. Бұл ретте айыппұл 7 күн ішінде төленген жағдайда құқық бұзушы оңайлатылған өндіріс тәртібімен екі есе аз төлеу мүмкіндігі қарастырылған.

"Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны немесе орындамағаны үшін жауапты тұлғалар мен азаматтарға "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 412-бабы (Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны немесе орындамағаны) бойынша 7 АЕК көлемінде (25 мың теңге) айыппұл салынады", - деп жазады ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Алматы тауларында өрт қаупі жоғарылады: ТЖД тұрғындарға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.