Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚМДБ Құрбан айт намазының кестесін жариялады

Опубликовано:

Мешіт
Мешіт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Биыл Құрбан айт мейрамы 16 маусымда басталады. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері Құрбан айт намазының кестесін жариялады. Бұл жөнінде ҚМДБ сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Діни басқарма ұсынған кесте бойынша, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Құрбан айт намазы 6:00-де оқылады.

2024 жылғы Құрбан айт намазының кестесі
2024 жылғы Құрбан айт намазының кестесі: muftyat.kz

Айта кетейік, Құрбан айт – мұсылман қауымы үшін қасиетті мейрамдардың бірі. Бұл күні құрбандық шалынып, дұға-тілек жасалады. Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Бұл амал арқылы адамның ішкі ниеті, шынайы пейілі, дініне бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі.

Құрбан айтта оқылатын басты дұғаларды тілші материалынан оқи аласыз.

Еске салсақ, бұған дейін ҚМДБ 16 маусымды Құрбан айт мерекесінің бірінші күні деп белгіленін жазған едік.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Құрбан айт мерекесінің бұған дейін неліктен 17 маусымға белгіленгенін және бұл күнге не үшін демалыс берілмейтінін түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2115525-qmdb-qurban-ait-namazynyng-kestesin-zhariialady/