Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы

Жарияланған күні:

Шымкент 2020
Сурет: Facebook / ovp13shymkent

Шымкент қаласы – еліміздегі республикалық маңызы бар қала мәртебесін иеленген үшінші мегаполис.

Шымкент – Ұлы Жібек жолы бойындағы керуен жолдарының қиылысында орналасқан, мәдениеті дамыған, тарихы бай, ең көне қала. Тарихи және археологиялық деректер бойынша қаланың 2200 жылдық тарихы бар.

Шымкент республикалық маңызы бар қалалар арасында аумағы бойынша бірінші орынды, ал халық саны бойынша үшінші орын иеленетін қала. Бүгінде мегаполис халқының саны – 1 млн астам адам.

Сонымен қатар Шымкент жеңіл өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы және жылыжай шаруашылығы дамыған негізгі аймақтардың бірі.

Географиялық орналасуы, бай тарихы мен саналуан мәдениеті, ерекше туристік мүмкіндіктері қаланың республикадағы маңызды рөлі мен әлеуетін айқын көрсетеді.

Шымкент көптеген саябақ, демалыс аймақтары мен туристер үшін жақсы дамыған зор туристік әлеуеті бар шаһар.

Биыл "Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы" аясында Шымкентте ТМД елдері арасындағы байланыстар мен достықты нығайту, мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу, сондай-ақ, халқымыздың мәдениетін, тарихымызды, салт-дәстүрімізді, қонақжайлылығымызды, ашықтығымызды және еңбекқорлығымызды паш ететін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2115549-shymkent-tmd-elderining-madeni-astanasy/