jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Астаналық флористер ағаштан 10 метрлік домбыраның лэнд-арт инсталляциясын жасады (видео)

Домбыраның лэнд-арт инсталляциясы
Домбыраның лэнд-арт инсталляциясы. Видеодан кадр: instagram.com/qazaqstantv

Астаналық флористер ағаштан он метрлік домбыраның лэнд-арт инсталляциясын жасады. Инсталляцияны 10-ға жуық адам жеті күнде жасап шығарған, деп хабарлйды Qazaqstan арнасы.

Қала әкімдігі мен ерікті флористер бірлесіп тұрғындарға алып домбыраның инсталляциясын тарту етті.

Лэнд-артты құрастыру үшін сынған терек бұтақтарынан 5 жүк көлігіне жуық шикізат жинаған. Мамандар алдымен домбыраның қаңқасын құрастырып, кейіннен жайқалған гүлдермен әрлеген.

Бұл жобаның басы-қасында жүрген Гаухар Әлекенованың айтуынша, ұлттық аспаптың қаңқасы сынған бұта мен теректен жасалған және еріктілер көмектескен.

"Кәсіби флорист маманы суретші болуы керек. Табиғат бізге не береді, соны тазартып, жинап осындай әдемі дүниелер жасаймыз. Бұл жобаны жасауға 10-нан астам адамның 7 күн уақыты кетті. Бұл алда келе жатқан домбыра күніне тартуымыз", - дейді флорист Гаухар Әлекенова.

Мамандар бүгінгі таңда адамдар табиғат қалдықтарын сұрыптап үйренуі керек деп санайды.

Астаналық флористер ағаштан 10 метрлік домбыраның лэнд-арт инсталляциясын жасады (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.