40 градус ыстық, жел: ертең Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
Синоптиктер дауылдық ескерту жариялады. Олардың болжамынша ертең, 12 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі – найзағай ойнап, бұршақ жауады әрі жел соғады. Сондай-ақ еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомство ақпараты бойынша, ертең, 12 маусымда Жетісу облысының оңтүстік бөлігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде оның екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, ал солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде таңертең және түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соқса, күндіз оңтүстікте, батыста, шығыста оның жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетпек. Дегенмен күндіз облыс бойынша +39 градус аптап ыстық күтіледі. Осыған байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауып, дауыл соғады. Солтүстік-батыс пен солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с болмақ, күндіз тіпті кей уақыттарда 23 м/с дейін жетуі ықтимал.
Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды.Таңертең және күндіз солтүстік-батыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының батысы, оңтүстігі және солтүстік-шығысында найзағай ойнайды деген болжам бар. Облыстың орталығында шаңды дауыл тұруы мүмкін. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, батыста, оңтүстікте, солтүстік-шығыста әрі орталықта жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Күндіз облыстың басым бөлігінде +40 градус қапырық ыстық сақталады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, ал солтүстігі, шығысы және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай жарқылдайды. Батыстан жел соғып, найзағай кезінде оның екпіні 17-22 м/с жетуі ықтимал.
Қызылорда облысында болса солтүстік-шығыстан жел соғады. Таңертең және күндіз облыстың орталығы мен шығысында жел жылдамдығы 15-20 м/с болады деп күтіледі. Синоптиктердің айтуынша, Қызылорда облысының да басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, найзағай кезінде оның екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың батысында +37 градусқа қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі жарияланған, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында күн +35 градусқа дейін ысиды. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігі мен батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде болса түнде кей уақыттарда нөсер жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады әрі дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғып, облыстың батысы, солтүстігі, орталығында оның екпіні 15-20 м/с, ал күндіз кей уақыттарда 23 м/с дейін жетуі мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2115813-40-gradus-ystyq-zhel-erteng-qazaqstannyng-basym-boliginde-aua-raiy-qandai-bolady/