jitsu gif branding logo appbranding logo app

Air Astana халықаралық рейстерді Алматы әуежайының жаңа терминалына ауыстырды

Алматы әуежайының жаңа терминалы
Алматы әуежайының жаңа терминалы. Фото: t.me/PR_AirAstana

Air Astana компаниясының өкілдері халықаралық рейстер Алматы әуежайының жаңа терминалына ауыстырылатынын ескертті. Бұл туралы компанияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Air Astana 2024 жылдың 12 маусымы сағат 18:00-ден бастап Алматыға келетін және Алматыдан ұшатын барлық халықаралық рейсін әуежайдың жаңа терминалы T2-ден орындайтынын хабарлайды", - делінген компания ақпаратында.

Компания өкілдері ұшуалды тексеру кезінде ықтимал кезектерді болдырмау үшін жолаушыларға әуежайға ертерек баруға кеңес береді.

Бұған қоса жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін әуекомпанияның еріктілері жаз бойы әуежайдың екі терминалында жолаушыларғы көмек көрсететіні айтылған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.