jitsu gif

40 градус ыстық, бұршақ, найзағай: алдағы үш күнде елімізде күн райы қандай болады

термометр
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК Қазақстан бойынша 2024 жылғы 13-15 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжам бойынша, еліміздің кей өңірінде жаңбыр жауып, жел күшейеді, ал оңтүстікте күн 40°С-қа дейін ысиды. Бұл туралы ұлттық метеорологиялық қызметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, республиканың батысында күн қатты ысиды. Фронталдық бөліктерінің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр, найзағай және екпінді жел болжанады, еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында бұршақ жауады деп күтіліп отыр.

Ең қарқынды жаңбыр 13-15 маусымда шығыста және орталықта, 14 маусымда еліміздің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауады деп болжанды.

Еліміздің батысында күндіз ауа температурасы +33+40°С, солтүстігінде, орталығында +20+28°С-тан +25+30°С-қа дейін, оңтүстігінде +27+35°С-тан +30+40°С-қа дейін, оңтүстік-шығысында +22+30°С-тан +25+35°С дейін, ал шығыста +22+30°С-тан +20+28°С-қа дейін аздаған төмендеуі болжанады.

40 градус ыстық, бұршақ, найзағай: алдағы үш күнде елімізде күн райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.