Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлымыздың денесіне зақым келтірген": Жамбыл облысында комаға түскен сарбаздың жақындары жанайқайын айтты

Жарияланған күні:

Жансақтау бөлімі
Жансақтау бөлімі. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Жамбыл облысында клиникалық өлім жағдайында ауруханада жатқан сарбаздың жақындары әлеуметтік желіде оқиғаның мән-жайына қатысты өз нұсқасын айтты. Ата-анасының сөзінше, мамырда ғана әскерге кеткен ұлы соққының нәтижесінде жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Қорғаныс министрлігі Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қостанайлық Нұржігіт Әбділпатта мамыр айынан бері Отардағы 30212 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметте болған. Сарбаздың әкесі, ерікті Тимур Жаналин әлеуметтік желіде ұлына қатысты өзіне мәлім жайттарды айтты. Оның сөзінше, Нұржігіт өз еркімен әскерге аттанған. Бірақ өкінішке қарай, әскери ант қабылдамай жатып, осындай ауыр жағдайға тап болды.

"Қазір мен Қордайдағы аудандық ауруханада жүрмін. Біздің ұлымыз жансақтау бөлімінде ес-түссіз, өлім аузында жатыр. Біз оның әскери ант қабылдауына келеміз деп отыр едік, бірақ тағдырдың жазуымен одан ерте келіп қойдық. Ұлымыздың денесіне зақым келтірген сержантқа қатысты тергеу "түсініксіз" жүргізіліп жатыр. Оған қол көтергенін ұлымызбен бір қатарда тұрған сарбаздар айтты, сержант күтпеген жерден оған соққы берген, содан ол тұра алмай бүк түсіп отырып қалған", - дейді Тимур Жаналин.

Қорғаныс министрлігі Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы баспасөз хатшысы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомство өкілдері берген түсінікте қостанайлық Нұржігіт Әбділпаттаның ата-анасы айтқан сөзін елеусіз қалдырған. Яғни, ата-анасы айтқандай сарбаздың өлім аузында жатқанын ауыр соққы алумен байланыстырмай отыр.

"9 маусымда Жамбыл облысының Қордай ауылындағы орталық аудандық ауруханаға Гвардейск гарнизонының мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі шұғыл түрде жатқызылды. Бұған дейін әскери қызметші жалпы әлсіздік пен жоғары температура туралы шағыммен гарнизондық әскери госпитальдің жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілген.

Медициналық тексерулер мен зерттеулер жүргізілгеннен кейін әскери қызметшіде екіжақты полисегментті пневмония бары анықталды.

Әскери қызметшінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр", - делінген ресми хабарламада.

Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы өкілдері сарбазға барлық медициналық көмек көрсетіліп жатқанын мәлім етті. Атап айтқанда жергілікті жерде анестезиолог, реаниматолог және терапевт мамандардан тұратын Қорғаныс министрлігінің Әскери-клиникалық госпиталінің көшпелі бригадасы жұмыс істеп жатқаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері комаға түскен сарбаздың жағдайы туралы пікір білдірген еді.

Ведомство мәліметінше, науқас Қордай аудандық орталық ауруханасына 9 маусымда сағат 08:18-де Гвардейск әскери госпиталінен жедел медициналық көмек көрсетілуі үшін "полисегментарлық пневмония" диагнозымен түскен. Жігітке оң жақ плеврит, 3-4 дәрежелі инфекциялық-токсикалық шок, сепсис, органдар жетіспеушілігі синдромы, мидың гипоксиялық ісінуі, 2-3 дәрежелі церебралды кома диагнозы қойылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2116722-ulymyzdyng-denesine-zaqym-keltirgen-zhambyl-oblysynda-komaga-tusken-sarbazdyng-zhaqyndary-oz-nusqasyn-aitty/