Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қауіп төндірмей ме": Смайылов Қазақстанның қарызы туралы айтты

Жарияланған күні:

Әлихан Смайылов
Әлихан Смайылов : Фото: Nur.kz/Бақытжан Отарбаева

Сенат отырысы аясында өткен брифингте Жоғары аудиторлық палата басшысы Әлихан Смайылов Ұлттық қордан Үкіметтің қаражат алуына байланысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшіс хабарлайды.

Отырыста сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ұлттық қордан ақша алу туралы сөз қозғады. Брифингте БАҚ өкілдері экономистер Қазақстанның ішкі және сыртқы қарызына қатысты көп сыни пікір айтатынын тілге тиек етіп, осыған қатысты пікірін білді. "27 трлн экономикамызға қауіп төндірмей ме?" деп сұрады тілшілер.

Смайылов қарыз алу экономикаға қауіп төндірмейтінін айтты.

"Қауіп төндірмейді. Қарыз алу – дүние жүзінде қалыптасқан үрдіс. Мысалы ірі инфрақұрылымдық немесе әлеуметтік жобаны шұғыл іске асыру керек болса, қарыз алынады. Қазір мемлекетіміздің қарыз деңгейі – 27,2 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімнің 22,8 пайызы. Сондай-ақ мемлекет белгілеген лимит – 32 пайыз. Басқа дамыған елдерді қарайық. Мысалы көптеген дамыған елде мемлекеттік борыш деңгейі ЖІӨ-ден 60 пайызға жоғары", - деді ол.

Десе де ол мемлекеттің борыш міндеттемелерін кезең-кезеңімен төмендетіп отыру керек екенін атап өтті.

"Мемлекеттің қаржы жүйесін 2030 жылға дейінгі тұжырымдамада осындай міндет қойылған. Біз оны кезең-кезеңімен төмендетуіміз керек. Жалпы мемлекеттік борышымыз белгіленген лимиттен төмен және бұл үкіметтің және Қаржы министрлігінің тұрақты бақылауында", - деді Смайылов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2116989-qauip-tondirmei-me-smaiylov-qazaqtannyng-qaryzy-turaly-aitty/