Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық сұрады: іс Жоғарғы сотқа түсті ме

Жарияланған күні:

Кәрім Мәсімов
Кәрім Мәсімов. Фото: gov.kz

18 жылға сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ісі бойынша Жоғарғы сотқа іс түспеген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллинаның сөзінше, қазіргі уақытта Жоғарғы сотқа Кәрім Мәсімовке қатысты ешқандай іс түспеген.

Сондай-ақ ол Мәсімовке рақымшылық жасауды сот шешпейтінін атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов осы жылдың наурызында президенттен кешірім сұрағаны белгілі болған еді.

Айта кетейік, 2022 жылғы 6 қаңтарда Кәрім Мәсімов ҰҚК басшысы қызметінен босатылып, кейін ол мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды.

Ал 2023 жылғы 24 сәуірде Астана сотында Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі шыққанын хабарлаған едік. Ол 18 жылға сотталды. Сотта Мәсімов пен оның орынбасары Садықұловқа мемлекетке опасыздық жасау (175-баптың 1-бөлігі), билікті күшпен басып алу (179-баптың 3-бөлігі) және билік пен лауазымдық өкілеттігін (ҚК-тің 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы) асыра пайдалану бойынша кінәлі деп танылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2117394-masimov-prezidentten-raqymshylyq-surady-is-zhogargy-sotqa-tusti-me/