Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық жасауды өтінді

Опубликовано:

Кәрім Мәсімов
Кәрім Мәсімов. Фото: gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов осы жылдың наурызында президенттен кешірім сұраған. Бұл туралы Informburo.kz порталы хабарлады.

Басылымда жарияланған ақпарат бойынша, порталдың сауалына берген ресми жауабында Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2024 жылдың наурызында Кәрім Мәсімов Қазақстан президентінің атына рақымшылық жасау туралы өтінішхат жолдағанын мәлімдеген.

Еске салайық, 6 қаңтарда Кәрім Мәсімов ҰҚК басшысы қызметінен босатылып, кейін ол мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды.

Ал 24 сәуірде Астана сотында Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі шыққанын хабарлаған едік. Ол 18 жылға сотталды. Сотта Мәсімов пен оның орынбасары Садықұловқа мемлекетке опасыздық жасау (175-баптың 1-бөлігі), билікті күшпен басып алу (179-баптың 3-бөлігі) және билік пен лауазымдық өкілеттігін (ҚК-тің 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы) асыра пайдалану бойынша кінәлі деп танылған болатын. Алайда әлі күнге Мәсімов тергеу изоляторында екені белгілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2114847-ulttyq-qauipsizdik-komitetining-buryngy-basshysy-karim-masimov-prezidentten-keshirim-surady/