Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да бір үйдің екі баласы уланып көз жұмды

Жарияланған күні:

Аурухана
Ауруханадағы бала. Көрнекі фото: Getty Images / Alexandra Pavlova

Солтүстік Қазақстан облысында бір отбасы уланып, екі бала көз жұмды. Ал ересек үш адам ауруханада жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға Қызылжар ауданында болған. Қазір полиция бір отбасының улану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Екі бала қайтыс болып, үш ересек адам медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факті "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның жаппай улануына және өлiмiне әкеп соққан санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2117514-sqo-da-bir-uiding-eki-balasy-astan-ulanyp-koz-zhumdy/