Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде шомылуға барған медицина университетінің екі студенті суға батып кетті

Опубликовано:

суға батып бара жатқан адамның қолы
Суға батып бара жатқан адамның қолы. Көрнекі фото: pexels.com

Ақтөбеде 21 жастағы екі студент Қарғалы өзеніне батып кетті. Олар шомылуға сабақтан кейін барған. Екі бірдей студенті суға батып кеткен медициналық университетте қаралы күн жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға 13 маусымда Ақтөбе қаласында болды. Студенттер Қарғалы өзеніндегі рұқсат етілмеген аймақта шомылған. 112 қызметіне екі адамның суға батып кеткені туралы куәгерлер хабарлаған. Ақтөбе облыстық ТЖД өкілдерінің айтуынша, суға кеткен екі адам да 2003 жылы туған азаматтар.

"Кеше "Красная Поляна" бау-бақша ұжымында екі адамның суға кеткені бойынша ақпарат түсті. Сол күні сағат 13:58-де бірінші адамның денесін жедел құтқару жасағының құтқарушылары судан шығарды. Екінші адамды еріктілер (туыстары - ред.ескертпесі) судан түнгі сағат 03:20-да тапты", - деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметіндегілер.

суға кеткен студенттердің фотосы
Суға батып кеткен студенттердің дәліздегі фотосы: университеттің баспасөз қызметі

Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті өкілдері суға батып кеткен екі адам жалпы медицина факультетінің 4-курс студенттері екенін растады. Бірі Ақтөбе облысы Ырғыз ауданынының, екіншісі Батыс Қазақстан облысының тумасы.

"Екеуінің де оқу үлгерімі жақсы, қоғамдық шараларға атсалысып жүрген белсенді де өнерлі студенттер еді. Өте өкінішті жағдай. Елназ бен Рафхаттың кенеттен қайтыс болуына байланысты ата-анасы, бауырлары мен ағайын-туыстарына, достарына орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Қайғылы жағдайға байланысты университетте үш күн қаралы деп жарияланды. Қайғылы жағдай сабақтан кейін болған. Екі студент суға түсуге барған", - деді Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің өкілі.

Айта кетейік, жыл басынан бері Ақтөбе қаласында төрт адам суға батып кетті. Оның біреуі –жасөспірім.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2117490-aqtobede-shomyluga-bargan-meditsina-universitetining-eki-studenti-suga-batyp-ketti/