Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аптаптың беті қайта ма: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

Опубликовано:

Алматыдағы жаңбыр
Алматыдағы жаңбыр. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы 20-22 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның батысында бірнеше күн бойы қалыптасқан аптаптың беті қайтады, 22 маусымда жауын-шашынның әсерінен ауа температурасы өзінің климаттық қалпына оралады.

"Еліміздің солтүстігі мен орталығында жауын-шашын аздап тоқтағаннан кейін, жаңбыр жауады, найзағай, кейбір аймақтарда қатты жаңбыр, бұршақ және қатты дауыл болжанады. Ал республиканың оңтүстігіндегі таулы аудандарда күндізгі конвекция әсерінен әлі де тұрақсыз ауа-райы болады. Тек шығыс аймақтарда айтарлықтай жауын-шашын болмайды", - дейді мамандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2120334-aptaptyng-beti-qaita-ma-aldagy-ush-kunge-aua-raiy-bolzhamy-zhariialandy/