jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Тұрғындар Алматы-Бішкек тасжолын жауып тастады (видео)

Жолды жауып тастағандар
Жолды жауып тастағандар. Фото: Instagram/krisp_almaty

Алматы облысы Қарасай ауданының үш күн бойы сусыз қалған "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің тұрғындары Алматы-Бішкек тасжолын жауып тастады. Әкімдік өкілдері бұл жайтқа түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тұрғындар республикалық маңызы бар тасжолды жауып тастағаны туралы ақпарат Instagram-дағы krisp_almaty парақшасында жарияланды.

"Бүгін, 20 маусымда Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылында орналасқан "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің тұрғындары Алматы-Бішкек тасжолын жауып тастады. Бұған су өшірілгені себеп болып отыр. Тұрғындар үш күн бойы сусыз отыр. Суық су да, ыстық су да жоқ.

Жергілікті тұрғындар көптеген апат жағдайы туындаса да, мәселені шешудегі әкімдіктің тиімсіз әрекеттерін алға тартып, наразылығын білдірді. Оқиға орнына Қарасай ауданы әкімінің орынбасары келгенімен, мәселе нақты қашан шешілетінін айтпаған. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр", - делінген жазбада.

Бұл жайтқа Қарасай ауданы әкімдігінің өкілдері пікір білдіріп, су не себепті өшірілгенін түсіндірді.

"Іргелі ауылындағы "Асыл Арман" тұрғын үй кешеніндегі сорғы станциясының автоматикасында ақау шықты, бұл 5088-ге жуық пәтердегі судың өшіп қалуына әкеп соқтырды. Оқиға орнында "Алатау Ком Сервис" ЖШС инженерлері жұмыс істеп жатыр. Қайта бағдарламалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, содан соң барлық құрылғы қайта іске қосылады", - делінген әкімдік жауабында.

Тұрғындар Алматы-Бішкек тасжолын жауып тастады (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.