jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Астанада жол жөндеу жұмыстары жалғасады: қалада тасжол мен көпірдің бір бөлігі жабылады

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада ауқымды жол жөндеу жұмыстарына байланысты Өндіріс тасжолының бір бөлігі мен Тәуелсіздік көпірінің бір бөлігін жабу жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Елорда әкімдігінің ресми сайтында Астана қаласындағы Тәуелсіздік көпірі арқылы өтетін бағыттардың бірі бойынша қозғалыс жабылатыны хабарланған.

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 2023 жылғы қазанда жолдардағы қозғалысты азайту үшін Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік көпірінде жол жабынының төменгі қабаты арқылы өту қамтамасыз етілгенін еске салды. Көпірді абаттандыру жұмысы әлі де жалғасып жатыр.

"Мәселен, осы жылдың 21-30 маусымы аралығында асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл ретте көлік қозғалысы көпірдің бір жағы бойынша екі бағытта да қамтамасыз етіледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды", - делінген әкімдік хабарламасында.

Сондай-ақ ведомство өкілдері Өндіріс тасжолы бойынша Солтүстік айналма жолдан көлік айрығына дейін жүк автокөліктерін өлшеудің автоматтандырылған жүйесін орнату бойынша жол қозғалысын толық жабу арқылы жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді.

"Осыған байланысты 23 маусым сағат 06:00-ден 23:50-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты Қабанбай батыр даңғылының Орынбор көшесінен Бұқар жырау көшесіне дейінгі бөлігі толық жабылатынын жазған едік.

Астанада жол жөндеу жұмыстары жалғасады: қалада тасжол мен көпірдің бір бөлігі жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.