jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Ойбай, қайтып алыңдар деді": Ақтөбені тасқын судан аман алып қалған зейнеткерді басшылық қайта жұмысқа шақырды

Шыңғыстау Әбдиев
Шыңғыстау Әбдиев. Видеодан кадр: t.me/KZgovernment

Ақтөбені тасқын судан аман алып қалған зейнеткер, су саласының маманы Шыңғыстау Әбдиевті аймақ басшысы қайта жұмысқа шақырған. Бұл туралы гидрология саласының ардагер маманы "Қазақстан" ұлттық арнасындағы "Ақорда" бағдарламасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Телеарна мәліметінше, 36 жыл Ақтөбе су қоймасында еңбек еткен, еңбегі еленіп, президент қолынан марапат алған Шыңғыстау Әбдиев былтыр желтоқсанда зейнетке шыққан.

"Жаңа басшы шақырып алды. Қайтадан жұмыс істеп жатырмын. Мұндай тәжірибелі мамандарды жібермейміз, жастарды үйретсін деген. Зейнетте үйге сыймай кетеді екенсің. Қайта жұмысқа қосылғаныма қуаныштымын", - дейді Шыңғыстау Әбдиев.

Ақтөбеде тасқыннан қауіп күшейгенде мамандар су қоймасынан 1000 текше метрге дейін су жіберуді көздейді. Бірақ бұрын-соңды қолданылмаған кранды қозғалту қиынға соғады. Шыңғыстау Әбдиев ептілігінің арқасында техниканы еркін бағындырып, жұмысты сәтті аяқтайды.

"Техника дегенді жаймен, баппен істемесе, бірден істен шығып кетуі мүмкін. Бұрынғы тәжірибенің арқасында ақырындап ашып, суды жібердік. 3-4 сағат ішінде бәрін реттеп, суды жіберіп үлгердік. Апаттың алдын алдық. Елдің амандығын сақтап қалуыма атсалысқаным үшін өзім де қанаттанғандай болдым", - дейді гидрология саласының ардагер маманы.

Бағдарламада Ақорда резиденциясына алғаш келген ақтөбелік азамат таңданысын білдіріп, қобалжығанын да айтты.

"Ойбай, қайтып алыңдар деді": Ақтөбені тасқын судан аман алып қалған зейнеткерді басшылық қайта жұмысқа шақырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.