jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Сыртқы істер министрлігі Италияда Қазақстан азаматының ұсталғанын растады

Жазу
Жазу. Фото: Parco Archeologico di Pompei - Ministero della Cultura/euronews.com

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Помпейдегі Цей үйінің қабырғасына "ALI" деп қашап жазып кеткен қазақстандық туристтің ұсталғанын растады. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Италияда тарихи ғимаратқа заңсыз жазу жазған азаматымыз ұсталды, ол барлық қажет рәсімді жүргізгеннен кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деді Айбек Смадияров.

Еске салсақ, 22 маусымда таңертең Помпей археологиялық саябағындағы Цей үйінде ашық түсті сылаққа "ALI" деп ойып жазған қазақстандықты қауіпсіздік қызметкерлері ұстағаны мәлім болды.

Археологиялық саябақтың сайтында жарияланған ақпарат бойынша, 1913-1914 жылдары қазып алынған Цей үйі – соңғы самнит дәуіріндегі (ж.с.д. II ғасыр) ежелгі тұрғын үйлердің сирек үлгілерінің бірі. Бұл үй магистрат Луций Цей Секундтың меншігінде болған деп саналады, оған үйдің сыртқы қасбетіне жазылған жазу дәлел.

Анықтама үшін: Помпей – Везувий тауының етегіндегі жартылай қираған қала. Ол – Италияның басты көрікті орындарының бірі және әлемдегі ең көне қала.

Вулкан құдайының құрметіне арналған жыл сайынғы римдік фестивальден кейін қала бір түнде жермен-жексен болған. Везувийдің атқылауы 79 жылы 24 тамызда таңертең басталып, қалың күл қабатының астында 2 мыңға жуық адам көміліп қалған.

Миллиондаған турист Помпейге аңызға айналған қаладан не қалғанын өз көздерімен көру үшін келеді.

Сыртқы істер министрлігі Италияда Қазақстан азаматының ұсталғанын растады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.