jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

"Қазтелерадио" алаяқтарға қатысты үндеу жасады

Алаяқ
Алаяқ. Көрнекі сурет: seksan Mongkhonkhamsao/Getty Images

"Қазтелерадио" АҚ қазақстандықтарға компания атынан хат жазып, телефон шалатын алаяқтардың жиілеп кеткенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алаяқтық фактілері жайлы ақпарат компанияның ресми сайтында жарияланды.

"Қазтелерадио" АҚ басшылығы немесе жоғары тұрған мемлекеттік органдардың жұмыскерлерінің атынан белгісіз нөмірлерден соғылатын қоңыраулар мен белгісіз сайттардан келетін хабарламалар жиілеп кетті.

Компанияның барлық жұмыскері мен серіктесін қырағылық пен жауапкершілік танытуға шақырамыз. Басшылардың атынан белгісіз нөмірлерден келген хабарламаларға немесе қоңырауларға жауап бермеңіз.

"Қазтелерадио"АҚ басшылығынан немесе жоғары тұрған мемлекеттік органдардың (министрліктің) жұмыскерлерінен келіп түсуі мүмкін сұрау салулар бойынша құпия деректерді, құжаттарды немесе ақшалай қаражатты олардың өзіңізге белгілі нөмірлері арқылы жеке әңгімелесу барысында алдын ала келісіп алмай, жібермеңіз", - деп жазылған хабарламада.

Компания осындай хабарламалар мен қоңыраулар алған жағдайда нөмірді бұғаттауды және бұл туралы Қауіпсіздік қызметіне 8 (727) 2444500 нөмірі арқылы хабарлауды сұрады.

"Қазтелерадио" алаяқтарға қатысты үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.