Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Таза Қазақстан" жалпы республикалық акциясын іске асыру аясында "Алматы Жазы" акциясы басталды

Опубликовано:

"Алматы Жазы" акциясы
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының бастамасымен "Таза Қазақстан" жалпы республикалық акциясын іске асыру және "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқанын жалғастыру аясында биыл 26 маусым мен 6 шілде аралығында субұрқақтарды, өзендер мен су айдындары жағалауларын, арық желісі, қоқыс алаңдарын, жол инфрақұрылымын (аялдама кешендері, бағдаршам нысандары, жол көрсеткіштері мен белгілері) тазарту, ағашты санитарлық мақсатта кесу бойынша "Алматы Жазы" акциясы басталды.

Алматыда 150 субұрқақ бар, оның 66-сы коммуналдық (60-ы штаттық режимде, 6-уы қайта жаңартылып жатыр) және 84-і жеке аумақта. Коммуналдық меншіктегі субұрқақтар 1 мамырдан 25 қазанға дейін күн сайын сағат 8:00-ден 23:00-ге дейін профилактикалық іс-шаралар (тазалау, жабдықтарды тексеру) кезінде өшіріліп, кестемен жұмыс істейді. Субұрқақты тазалау кестесіне сәйкес, субұрқақтың суы ай сайын ағызылып, жабдықтар тексеріліп, арнайы құралдармен тостағаны жуылып, тазартылады. Кейде коммуналдық субұрқақтар апаттық-қалпына келтіру жұмысын жүргізу және ағымдағы жөндеу (кабельді ауыстыру, сорғылар мен қозғалтқыштарды ауыстыру немесе жөндеу, гидрооқшаулау, қаптаманы жөндеу) үшін өшіріледі.

"Алматы Жазы" акциясы
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жеке аумақта орналасқан субұрқақтардың жағдайы мәз емес, қараусыз қалған, жұмыс істемейді немесе меншік иесінде қаржының болмауына байланысты күрделі жөндеуді талап етеді. "Алматы Жазы" акциясы аясында жеке субұрқақтар қалалық нысандармен бірге ретке келтіріледі.

Акция барысында қаладағы ұзындығы 1525 км болатын арық желілерін тазарту жұмыстары күшейтіледі. Күн сайын арық желісінен шамамен 250 м3 лай және қоқыс шығарылады. Жүргізіліп жатқан шараларға қарамастан, арықтар нөсер жаңбыр кезінде тұрғындар тастаған қоқыстармен, қалдықтармен бітеліп, жергілікті су тасқынына себеп болып отыр. Бұрын хабарланғандай, тазарту жұмыстары кезінде коммуналдық қызмет арықтан жаңбыр суының кедергісіз ағып кетуіне кедергі келтіретін пайдаланылған жөргектерді, ескі заттарды, ыдыс-аяқты, тіпті үлкен көлемді заттарды – көлік дөңгелектері мен құрылыс қоқыстарын тауып алған.

"Алматы Жазы" акциясы
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Алматы Жазы" акциясы аясында 624 аялдама кешенін, 222 бағдаршам нысанын, 2 181 жол белгілерін шаңнан және ластанудан тазарту (жуу), өзен жағалауы мен су айдындары аумағындағы шамамен 250 шаршы км жерді қоқыстан тазарту жоспарланып отыр.

Жазғы кезеңде аулаішілік аумақта қоқыс контейнерлерінің тез толуы өзекті мәселе болып отыр, осыған байланысты 1 454 контейнерлік алаңды санитарлық өңдеу, 700 контейнерлік алаңды жуу және дезинфекциялау, сондай-ақ 24 747 көше және ауладағы қоқыс жәшіктері тазартылады.

"Алматы Жазы" акциясы
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жазғы маусымдық іс-шараның бірі – ағаштарды санитарлық мақсатта кесу. Апатты жағдайдағы ағаш адамға және мүлікке үлкен қауіп төндіреді. Осыған байланысты ауру және қураған ағаштың бұтақтарын санитарлық мақсатта кесу дауыл, қатты жел мен нөсер кезінде бұтақтардың құлау қаупін азайтады. "Алматы Жазы" акциясы барысында 6 мыңға жуық ағашты санитарлық мақсатта кесу жоспарланып отыр.

Осылайша, "Алматы Жазы" акциясы "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқанының жазғы уақыттағы жалғасы болады. Еске салсақ, "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқанының басты мақсаты – қалалық инфрақұрылым мен ортақ мүлікке ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, ел арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдап, оларды іске асыруға жағдай жасау.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2124216-taza-qazaqstan-zhalpy-respublikalyq-aktsiiasyn-iske-asyru-aiasynda-almaty-zhazy-aktsiiasy-bastaldy/