Бүгін еліміздің ірі қалаларының бірінде 42 градусқа дейін ыстық болады деп болжанды
Жарияланған күні:

Астана, Алматы мен Шымкентте 27 маусымда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріліп, түнде 23 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,3 м/с болмақ.
Астанада, синоптиктердің болжамынша, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 29 градусқа дейін жетіп, түнде 18 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,9 м/с.
Шымкентте де күн ашық болады деп болжанды. Күндіз термометр бағаны 42 градусқа дейін көтеріліп, түнде 20 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,4 м/с деңгейінде болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2124720-bugin-elimizding-iri-qalalarynyng-birinde-42-gradusqa-deiin-ystyq-bolady-dep-bolzhandy/